Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің (адами ресурстарды басқару) аға менеджері

  • Полная занятость
  • Job Type: Administrative staff
  • School: School of Sciences and Humanities

Описание вакансии

1)           Бөлімше Басшыларының жалпы басшылығымен жұмыс;

2)           Бөлімшеде адами ресурстарды басқару саласында, соның ішінде адами ресурстарды басқару саясаты мен стратегиялары саласында Университеттің ішкі құжаттарын енгізілуін қамтамасыз ету және ұстану;

3)            персоналды жалдау бойынша мәселелерді әкімшілендіру (бос лауазымдарды талдау,  жеке еңбек шарттары және өзге кадрлық құжаттар мерзімдерін мониторингтеу);

4)           Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес Бөлімшенің әкімшілік персоналын іріктеу процесін әкімшілендіруге қатысу

5)           Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес Бөлімшенің оқытушы-профессорлар құрамын (бұдан әрі – ОПҚ) іріктеу бойынша халықаралық конкурстық комиссияны өткізу процестеріне дайындық және оларды толық әкімшілендіру

6)            Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес бөлімшенің ОПҚ-сымен еңбек шарттарын ұзарту бойынша комитеттердің отырыстарын ұйымдастыру және өткізуге көмек көрсету;  

7)           Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес Бөлімшенің ОПҚ-ны лауазым бойынша ілгерілету жөніндегі комитеттерінің отырысын өткізу үшін қажетті құжаттарды дайындау және өткізуге көмек көрсету;

8)           Бөлімше қызметкерлерінің жеке істерін қалыптастыру және жүргізу, оларға еңбек қызметіне байланысты өзгерістерді уақтылы енгізу;

9)           жеке құрамы бойынша кадрлық құжаттар есебін жүргізу және сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ,  кейін Университеттің тиісті әкімшілік бөліміне тапсыру;

10)      дерекқорларды және  адами ресурстарды басқару бойынша ақпараттық жүйеде  кадр есебін жүргізу;

11)      адами ресурстарды басқару саласындағы Университеттің ішкі құжаттарын әзірлеуге қатысу;

12)      Университеттің Академиялық және Басқарушы кеңестерінің күн тәртібіне кафедралар мен Бөлімшені қайта құрылымдау мен қайта ұйымдастыруға, сондай-ақ Бөлімше қызметкерлерінің штат санына өзгерістер енгізуге байланысты мәселелерді енгізу үшін қажетті құжаттарды дайындау;

13)      Бөлімше қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу/ жаңарту және бекіту;

14) Бөлімше қызметкерлерінің медициналық сақтандыруды алу, сондай-ақ қызметкерлерге медициналық сақтандыру қағидалары мен талаптары бойынша консультациялық қолдау көрсету бойынша құжаттарды жинау, дайындау және беру;

15) Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес Бөлімше қызметкерлерінің жеке істерін дайындау және Университет Мұрағатына тапсыру;

16) Университет ұйымдастыратын семинарлар мен тренингтерден өтуде Бөлімшенің академиялық персоналына көмектесу;

17)  Бөлімшенің қызметкерлері бойынша тәртіптік процестерді жүргізу және сүйемелдеу;

18) Бөлімше қызметкерлерінің әскери есебін жүргізу;

19) Бөлімше бюджетін оның құзыретіне енетін бөліктер бойынша қалыптастыру және шығыстарды жоспарлау;

20) Бөлімше бюджетінің оның құзыретіне енетін бөліктері бойынша орындалуы туралы есептерді талдау және жасау;

21) Бөлімшенің негізгі қызметі бойынша шешімдерді әзірлеу, өзара іс-қимыл процестерін жақсарту үшін ұсынымдарды дайындау;

22) Университеттің әкімшілік бөлімшелерімен қажеттілігіне қарай есептер мен деректерді ұсынуда ынтымақтасу;

23) Университет басшылығының Бөлімшеге берген оның құзыретіне енетін мәселелер бойынша хаттамалық тапсырмаларының орындалуын есепке алу және қадағалау, сондай-ақ кейін Бөлімшенің Басшылары үшін олардың орындалуы бойынша есептерді дайындау;

24) Бөлімшенің ОПҚ-сы мен қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық және көші-қон органдарында тіркелу мәселелері бойынша қажетті құжаттарды алу процесі бойынша консультациялық және әдістемелік көмек көрсету;

25) Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің сұрауы бойынша Басшылардың келісімімен оның құзыретіне енетін мәселелер бойынша есептер мен деректерді ұсыну;

26) Университеттің ішкі нормативтік құжаттарының оның құзыретіне енетін мәселелер бойынша сақталуын мониторингтеу;

27) жетекшілік ететін бағыт шеңберінде тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысу;

28) өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерінің аясында Бөлімше Басшылары мен Университет басшылығының өзге де тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау.

Требования к квалификации

Білімі

Жоғары кәсіптік, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарындағы жоғары кәсіптік білімінің болғаны дұрыс.

Мамандықтардың басым бағыттары:

- Юриспруденция;

- Адами ресурстарды басқару;

- Менеджмент;

- Бизнес әкімшілендіру.

Жұмыс тәжірибесі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгі біліктілік талаптарына сәйкес белгіленеді;

CIPD, SHRM кәсіби сертификатының болғаны дұрыс.

Кәсіптік құзыреті

- Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын білу;

- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын білу;

 - персоналды іріктеу саласындағы процестер мен құралдарды білу;

- халықаралық және жергілікті нарықта персоналды іріктеу дағдылары;

- адами ресурстарды басқару және кадр іс қағаздарын жүргізу саласындағы процестер мен құралдарды білу;

-  келіссөздер жүргізудің жеткілікті дамыған дағдылары, персоналды іріктеу үдерісін жоспарлау дағдылары;

- үміткерлермен сұхбаттасуды жүргізу дағдылары;

- жоғары аналитикалық және ұйымдастырушылық дағдылары;

- кадр іс қағаздарын мемлекеттік және ағылшын тілдерінде жүргізу;

- құжаттаманы ағылшын тіліне аудару дағдылары;

- MS Office (Microsoft Word, Excel, PowerPoint), сондай-ақ адами ресурстарды басқару бойынша ақпараттық жүйені меңгеру;

- мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру.

Жеке қасиеттері

- Университет құзыретінің моделі;

- Университеттің мақсаттары мен құндылықтарына бейілділік;

- сыни тұрғыда ойлау;

- тиімді қарым-қатынас жасау;

- жауапкершілік;

- тіл табысуға бейімділік;

- командада жұмыс істей білуі;

- дамыған көшбасшылық қасиеттері;

- әр түрлі мәдениеттер және ұлттар өкілдерімен жұмыс істей білуі.