Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің менеджері

  • Полная занятость
  • Отдел: School of Humanities and Social Sciences
  • Job Type: Administrative staff
  • School: School of Humanities and Social Sciences

Описание вакансии

1)       Басшыларға Бөлімшенің жұмысын ұйымдастыруға көмектесу, оқытушылармен өзара іс-қимыл және хат-хабар алмасу;

2)       ішкі/сыртқы пайдалану мақсатында таныстырылымдарға арналған материалдар дайындауда Бөлімше Басшыларына көмектесу;  

3)       Университеттің әлеуметтік саясатында көзделген Оқытушы-профессорлар құрамының (бұдан әрі - ОПҚ) шығыстарын өтеуге арналған өтініштер мен қажетті құжаттарды жинауды жүзеге асыру;

4)       Бөлімше ОПҚ-на өтелетін шығыстарын мониторингілеу, есепке алу және талдау; 

5)       Бөлімшенің бос академиялық орындары туралы хабарландырулар орналастыру, сондай-ақ ол бойынша Университеттің құрылымдық бөлімшесіне қажетті құжаттар тапсыру;

6)       академиялық персоналды таңдау бойынша Халықаралық комиссияның және Бөлімше оқытушыларын Лауазым бойынша ілгерілету жөніндегі комиссияның отырысын өткізу шеңберінде сарапшылардың қызмет көрсетуге арналған шарттарын әзірлеу, сондай-ақ олар бойынша  есептер,  инвойстар көрсетілген қызмет актілерін және басқа да қажетті құжаттар дайындау;

7)       Университеттің жеке мекемелеріне Бөлімшенің өтінімдерін орындау;

8)       экономика кафедрасы, тарих, философия және дінтану кафедрасы және жазу орталығының ОҚП осы кафедралардың/орталықтардың қызметі мен жұмысына қатысты мәселелер бойынша көмектесу;

9)       хат-хабар алмасуды жүргізу және экономика кафедрасы, тарих, философия және дінтану кафедрасы және жазу орталығының қызметіне байланысты мәселелердің уақтылы шешілуіне көмектесу;

10)  экономика кафедрасы, тарих, философия және дінтану кафедрасы және жазу орталығының жұмысына қатысты кез келген есептерді және статистикалық талдауларды қалыптастыру;

11)  академиялық персоналды таңдау бойынша Халықаралық комиссияның, Бөлімше оқытушыларының еңбек шарттарын ұзарту және Лауазым бойынша ілгерілету жөніндегі Комиссиялардың отырыстарын өткізу ұйымдастыруға көмек көрсету;

12)  Бөлімшенің даму мәселелерін әкімшілендіру және Бөлімшенің операциялық қызметінің мәселелерін  шешуге көмектесу;

13)  өзінің құзыретіне кіретін бөліктер бойынша Бөлімше бюджетінің қалыптасуына көмек көрсету;

14)  өзінің құзыретіне кіретін бөліктер бойынша Бөлімше бюджетінің орындалуы туралы есептер қалыптастыру;

15)  құпия деректерді қорғау және таратпау бөлігінде Бөлімше қызметкерлерінің Университеттің ішкі құжаттарын және Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтауын қамтамасыз ету;

16)  Университеттің жауапты құрылымдық бөлімшелерімен ынтымақтаса отырып жаңа ОПҚ мүшесінің лауазымға ресми кірісуін ұйымдастыруға көмек көрсету;

17)  Университет басшылығының Бөлімшеге оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша берген хаттамалық тапсырмаларының орындалуын есепке алу және қадағалау, сондай-ақ кейіннен олардың орындалуы бойынша Басшыларға есептерін дайындау;

18)  Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жұмыс істеу үшін қажетті құжаттар алу процесі бойынша ОПҚ және Бөлімше қызметкерлеріне, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық және көші-қон органдарында тіркеу мәселелері бойынша  консультациялық көмек көрсету;

19)  Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің сұратуы бойынша, Бөлімшенің Атқарушы директордың келісімімен өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептер және деректер ұсыну;

20)  өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Университеттің ішкі құжаттарының сақталуын мониторингілеу;

21)  өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлімше қызметкерлеріне  консультациялық және әдістемелік көмек көрсету;

22)  жетекшілік ететін бағыт шеңберінде тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингілеу процестеріне қатысу;

23)  өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттігі шегінде Бөлімше Басшыларының өзге де тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау.

Требования к квалификации

Білімі

Жоғары кәсіптік, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарындағы жоғары кәсіптік білімінің болғаны дұрыс.

Мамандықтардың басым бағыттары:

- Халықаралық қатынастар;

- Юриспруденция;

- Адами ресурстарды басқару;

- Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар.

Жұмыс тәжірибесі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгі біліктілік талаптарына сәйкес белгіленеді.

Кәсіптік құзыреті

- Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын білу;

- еңбек, еңбек қорғау және халықтың көші-қон саласындағы заңнаманы білу;

- құжаттамаларды ағылшын тіліне аудару дағдысы;

- іс қағаздарын мемлекеттік және ағылшын тілдерінде жүргізу дағдылары;

- келіссөздер жүргізудің,  жұмыс процесін ұйымдастырудың дамыған дағдылары;

- жоғары талдау және ұйымдастыру дағдылары;

- қаржылық есептілік құжаттамаларын жасау дағдылары;

- бюджеттеу дағдылары;

- MS Office (Word, Excel, PowerPoint бағдарламаларын кәсіби меңгеру;

- мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруі.

Жеке қасиеттері

- Университет құзыретінің моделі;

- Университеттің мақсаттары мен құндылықтарына бейілділік;

- сыни тұрғыда ойлау;

- тиімді қарым-қатынас жасау;

- жауапкершілік;

- тіл табысуға бейімділік;

- командада жұмыс істей білуі;

- дамыған көшбасшылық қасиеттері;

- әр түрлі мәдениеттер және ұлттар өкілдерімен жұмыс істей білуі.