Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің маманы

  • Полная занятость
  • Job Type: Administrative staff
  • School: School of Humanities and Social Sciences

Описание вакансии

1)       Басшыға Бөлімшенің жұмысын ұйымдастыруға көмектесу: оқытушылармен өзара іс-қимыл және хат-хабар алмасу;

2)       ішкі/сыртқы пайдалану мақсатында таныстырылымдарға арналған материалдар дайындауда Бөлімшенің Деканға көмектесу;  

3)       конференциялар, ресми кездесулер, дөңгелек үстелдер, қысқа мерзімді бағдарламалар және курстар өткізу бойынша ұйымдастыру мәселелерін әкімшілендіруге көмектесу;

4)       қажет болған жағдайда бөлімде кез-келген басқа іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу және көмек көрсету;

5)       Бөлімшенің коммуникациялық жоспарының орындалуын әзірлеуге және қадағалауға көмектесу;

6)       Бөлімше беттерінде вебсайтты жүргізуге және ақпаратты жаңартуға көмектесу;

7)       ақпараттық буклеттердің дизайнын әзірлеуге және және Бөлімшеге арналған баспа өнімдерін дайындауға көмектесу;

8)       Университеттің жеке мекемелеріне Бөлімшенің өтінімдерін орындау;

9)       өзінің құзыретіне кіретін бөліктер бойынша Бөлімше бюджетінің қалыптасуына көмек көрсету;

10)  өзінің құзыретіне кіретін бөліктер бойынша Бөлімше бюджетінің орындалуы туралы есептер қалыптастыруға көмектесу;

11)  бұқаралық ақпарат құралдарымен тиімді жұмыс істеуді және өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

12)  қажет болған жағдайда Бөлімшенің арнайы мәселелер бойынша экономикалық және статистикалық жұмыстарына талдау жасау;

13)  өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Университеттің ішкі құжаттарының сақталуын мониторингілеу;

14)  Университет басшылығының Бөлімшеге оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша берген хаттамалық тапсырмаларының орындалуын есепке алу және қадағалау, сондай-ақ кейіннен олардың орындалуы бойынша Басшыға есептерін дайындау;

15)  өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлімше қызметкерлеріне  консультациялық және әдістемелік көмек көрсету;

16)  жетекшілік ететін бағыт шеңберінде тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару, мониторингілеу процестеріне қатысу;

17)  Университеттің құрылымдық бөлімшелерімен келісім бойынша Бөлімшенің шетел персоналының келуін ұйымдастыруға көмектесу, оның ішінде Бөлімшенің халықаралық персоналының көшіп келуімен байланысты мәселелерді үйлестіру;   

18)  Университеттің жауапты құрылымдық бөлімшелерімен ынтымақтаса отырып жаңа оқытушы-профессорлар құрамының (бұдан әрі – ОПҚ) мүшесінің лауазымға ресми кірісуін ұйымдастыруға көмек көрсету;

19)  Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жұмыс істеу үшін қажетті құжаттар алу процесі бойынша ОПҚ және Бөлімше қызметкерлеріне, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық және көші-қон органдарында тіркеу мәселелері бойынша  консультациялық көмек көрсету;

20)  өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттігі шегінде Бөлімше Басшысының өзге де тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау.

Требования к квалификации

Білімі

Жоғары кәсіптік, ағылшын тілінде оқытатын жоғары оқу орындарындағы жоғары кәсіптік білімінің болғаны дұрыс.

- Қоғаммен байланыс, журналистика;

- Менеджмент;

- Қаржы;

- Экономика;

- Халықаралық қатынастар;

- Туризм және тілдер.

Кәсіби тәжірибесі (ұзақтығы, саласы, және т.б.):

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

- бакалавр дәрежесі болғанда мамандығы бойынша жұмыс өтілі мемлекеттік қызметте немесе халықаралық және/немесе ұлттық компанияларда нақты лауазымның  функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда 1 жылдан кем емес; немесе

- ағылшын тілінде білім беретін жоғары оқу орнынан алған білімі болса, жұмыс өтілі талап етілмейді. 

Кәсіптік құзыреті

- қоғаммен байланыс және маркетингілік коммуникациялар саласындағы дамыған жұмыс дағдылары;

- мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруі;

- құжаттамаларды ағылшын тіліне аудару дағдысы;

- іс қағаздарын мемлекеттік және ағылшын тілдерінде жүргізу дағдылары;

- қаржылық есептілік құжаттамаларын жасау дағдылары;

- келіссөздер жүргізудің,  жұмыс процесін ұйымдастырудың дамыған дағдылары;

- жоғары талдау және ұйымдастыру дағдылары;

- MS Office, Excel, PowerPoint бағдарламаларын білу.

Жеке қасиеттері

- Университет құзыретінің моделі;

- Университеттің мақсаттары мен құндылықтарына бейілділік;

- сыни тұрғыда ойлау;

- тиімді қарым-қатынас жасау;

- жауапкершілік;

- тіл табысуға бейімділік;

- командада жұмыс істей білуі;

- дамыған көшбасшылық қасиеттері;

- әр түрлі мәдениеттер және ұлттар өкілдерімен жұмыс істей білуі.

Тілдерді меңгеру деңгейі

- қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің жақсы ауызша және жазбаша дағдылары.

Дополнительная информация

Компьютерді жоғары деңгейде меңгерген тәжірибелі пайдаланушы (Microsoft Office: Microsoft Word, Excel, PowerPoint, 1С: Кәсіпорын).